«Махаббат пен шығармашылық педагогикасы»

«Махаббат пен шығармашылық педагогикасы»

   Қазақстанның Бірінші ханымы, «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті, «өзін-өзі» пәнінің авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның 77 жасқа толуына орай мектебімізде «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндіктің жоспары алдын-ала  жасалды.
  02.02.2018 ж. күні лездеме өткізіліп, мектеп оқушылары жоспармен таныстырылып, агитбригада құрылды.
  Қазіргі кезде мектепте адамның жан дүниесін түсінуге қөмектесетін және ойын жақсы арнаға бұратын «Өзін-өзі тану» пәні .Қазақтың үлы ағартушысы Шәкәрім Құдайбердіұлы  «Өзіңді –өзің танысаң істің басы» дегендей, кез келген бастама еңалдымен өзін-өзі танудан басталады. Нәтижесінде: оқушылардың жұмыстары эстетикалық талғамға сай, өнер әлеміне сүйіспеншілікпен қарайтынын аңғардық және мануалдар жасалып көрмеге қойылды.
  05.02.18 ж. күні радио торабынан «Поэзия минуты» атты оқушылар шығармашылығынан  өлеңдер оқылды.

   06.02.2018 ж. күні «Жақсылық жасау әр адамның міндеті» атты такырыпта көмекке мұқтаж, мүмкіндігі шектеулі жан Бақытгүл татенің үйіне мектеп оқушыларымен бірге көмектесуге барды. Жақсылық ойлап іс қылсаң, көпшілік те саған жақсы көзқараспен қарайтын болады.
  07.02.2018 ж. Осы онкүндік барысында 5-сынып оқушылары қалалық мұражайға және спорттық комплекске саяхат жасады. Мақсаты: оқушылардың туған өлке тарихына деген қызығушылығын арттыру, олардың рухани құндылықтарын қалыптастыру.   08.02 18күні мектеп кітапханашысы Р.А Исабаева «Мейірім төгетін ана» атты көрме әзірлеп, әр сынып оқушыларын Сара Алпысқызының еңбектерімен таныстырды және ол кісінің көздеген мақсаты адам өз бойына рухани -адамгершілік қасиеттерді терең сіңіру қажеттігін баса айтып өтті.
  09.02.18 ж. бұл күнінде «Батылдық пен қайсарлық» атты дебат пікір- сайыс ойыны ұйымдастырылып, өткізілді. Ойынға «Ақиқат» және «Өркен» атты екі топ қатысты.Ұйымдастырушы «өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі  К Мырзахметова. Пікір - сайыс ойыны «Карлл Поппер» форматында ойналды. Оқушылардың бір тобы қайсарлық пен батылдық адамға аса қажет деген пікірді дәлелдесе, келесі топ яғни «даттаушы топ» сенім мен еңбектің қажеттілігін дәлелдеді. Пікір - сайыс ойынына әділқазылар алқасы «өте жоғары өтті» деген баға берді. Екі топ оқушылары «Мақтау қағазымен» марапатталды.
  12.02.18 ж. күні 6В сыныбында «Шындық шыңы - ақиқат» атты ашық сабағы өтті. Пән мұғалімі: Қыбырат Серікгүл.Мақсаты: оқушылардың шындық туралы ұғымдарын кеңейтіп, ақиқат құндылығының мәнін түсіндіру.