«Мектеп күні – 2018»

«Мектеп күні – 2018»

  2018 жылдың 13 ақпан күні мектебімізде дәстүрлі «Мектеп күні -2018» «Қазақстанның жаңғыруы – білімнің үлесі» тақырыбында аталып өтті.

«Мектеп күнінің» мақсаты:педагог қыметкерлердің тамыз кеңесі шешімін жүзеге асыру, қала педагогтардың функционалдық сауаттылығының деңгейін жетілдіру, шығармашылық шеберлігін шыңдау, кәсіби өсу мен әлеументтендіру білім беру саясатын жүзеге асыру барысында қоғамдық және кәсіби қалыптастыру, білім беру жүйесінде жаңашылдықтың дамуы, шығармашыл ұстаздардың тәжірибесін тарату. Бағдарламаға сәйкес  бағыттар 4 блоктан тұрды.
1-бөлім бойынша «Функционалды сауатты мұғалім» тақырыбына 5В сыныбында «Көркем еңбек» сабағынан  «Тоқыма, мозаика техникасында тігін бұйымдарының дизайны» (құрақ, пэчворк, квилт) тақырыбында технология сабағынан Жексенбай А.А, 5Ә сыныбынан «Сыммен бұйымдарды модельдеу, нобайлар дайындау (шынжыр, басқатырғыш ойындары, жануарлардың  пішіндері)» тақырыбында технология пәні мұғалімі М.Хунанбай сабақ берді.

2-бөлім «Туған жер бағдарламасын жүзеге» асыру. «Оқулық беттерінен тыс».

Патриоттық азаматтық тұлға қалыптастыру барысында мектеп мұражайлары мен кітапханаларының қызметтеріндегі өлкетану, зерттеу жұмыстарын оңтайландыру мақсатында «Туған жерім – тірегім» оқу сауаттылығына арналған  оқу әдістемелік кешенін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ә.Ө.Артықбаева, бастауыш сынып мұғалімі Қ.Тлеубекова және география, тарих пәндерінен В.С.Жамкееваның жетекшілігімен «Өлкетану» бойынша оқу – әдістемелік кешен және дидактикалық материалдар тұсау кесері өткізілді.
3-бөлім-«Шығармашылық идеяларды тәжірбиемен ұштастыру». Білім беру аясында бәсекеге қабілетті және негізгі құзіреттілігі дамыған,алғыр тұлға қалыптастыру барысында мектептің инновациялық қызметін жүзеге асыру мақсатында Г.С.Айтқұлованың жетекшілігімен «100 кітап» жобасының таныстырылымы көрсетілді.

«Отбасылық оқу» шағын жобасының  таныстырылымында мектебіміздегі ата-аналар комитетінің мүшесі Адамбековтар отбасы таныстырды.

«Шығарма оқыдым-сурет салдым» шағын жобасын 7Б сынып оқушысы Ахметжанов Әлихан таныстырса, «Буктрейлер» жобасын 10А сынып оқушысы Медеуова Аяулым таныстырды.

Келесі кезекте директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары М.М.Закарина «Бастау-педагог қызметкерлерінің кәсіби құзіреттілігі» жобасының таныстырылымын көрсетті. Таныстырылымның жалғасын А.А.Нұрділдәнің жетекшілігімен «Туған өлкеме тағзым» жобасы және «Ауылдағы он күн» жобасын бастауыш сынып мұғалімі Несіпбек Меруерт толықтай мәлімет беріп өтті.