28.11.2022ж. күні С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу" жөніндегі кеңейтілген кеңес отырысы өтті.

28.11.2022ж. күні С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу" жөніндегі кеңейтілген кеңес отырысы өтті. Кеңес отырысына 8,9,10 сынып ата-аналары және сынып жетекшілері қатысты. Мектеп - гимназия инспекторы Қасымжанова Анар Қожановна құқық бұзышылықтың алдын алу жолдарына назар аудартты. Әкелер кеңесінің мүшесі атынан қаламыздың сот қызметкері Досжанов Мақсат  Ерланұлы  "Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлін" айтса, аналар кеңесінің мүшесі  Адыханова Бақыт "Мұғалім - Ана- Бала" байланысын, білім бөлімінің маманы Айтжанова Б.С отбасының бала өміріндегі маңызын айта отырып бала құқығын қорғау дұрыс тәлім беруді көздеп, оқушылар үшін интернет желісіндегі қауіптерді атады.  Қалалық емхана дәрігер-психологы Жүзбай Айнұр Серәліқызы электронды сигарет, энергетик сусындарының зиянын аша отырып, ерте жүктілікке назар аударды, Қамқоршылық кеңесінің төрағасы А.М.Көшербаев
 жасөспірімдер өмірінде мектеп қабырғасындағы туындаған әр түрлі қиыншылықтарға тоқталып,
түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 
Құрметті ата- аналар, ұстаздар!  Сіздер мен біздер бірігіп жасөспірімдер арасында  түрлі жан-жалдар мен түсініспеушіліктерді болдырмау, олардың денсаулықтарына зиянды заттарды қолдануда шектеу, құқық бұзушылықтың алдын алуға бірігіп ат салысуға шақырамыз! Еліміздің болашағы Сіздер мен біздің қолымызда!
Дата: 29.11.2022, 9:39 Автор: №7 МГ