2022 жылдың қаңтар айында «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ «Табысты оқушылармен жұмыс жүйесі арқылы мұғалімнің кәсіби өзін - өзі дамытуы» тақырыбында кезекті педагогикалық кеңес өтті. Күн тәртібінде директордың бейіндік ісі жөніндегі ор

2022 жылдың қаңтар айында «С.Сейфуллин атындағы  №7 мектеп-гимназиясы» КММ  «Табысты оқушылармен  жұмыс жүйесі арқылы  мұғалімнің кәсіби өзін - өзі дамытуы» тақырыбында кезекті педагогикалық кеңес өтті. Күн тәртібінде директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары Амирбекова М.М. баяндамасын оқып, мектебіміздің І жарты жылдық бойынша жетістіктеріне тоқталды. Өзін-өзі дамыту бұл да өзімен тұрақты жұмыс жасау, өзін жетілдірумен, өзінің жеке басын жетілдірумен байланысты жұмыс жасау болып табылады. Бұл үдеріс өмір бойы жетістікке жетудің негізі болып саналады деп білетін Бастауыш сынып мұғалімі Аятбекова Д.Е. Мұғалімнің кәсіби өз білімін жетілдіру және өзін-өзі дамыту –педагоикалық шеберлекке бастар жол «PIRLS зерттеуіне дайындық» таңдау курсының әдістемелік кешені бойынша авторлық бағдарламасымен таныстырды. Таңдаулы курс бойынша авторлық бағдарлама жазудың алғышарттарымен маңыздылығына тоқталды. Биология пәнінің мұғалімі Балабатырова Г.Ж. «Табысты оқушылармен жұмыс жасау жүйесі» соның ішінде ғылыми жоба жазудағы оқушылармен зерттеу жұмысын жүргізудің ерекшеліктеріне тоқталды. «Табысты оқушы – заман талабы» тақырыбымен пәндік олимпидада жетістікке жету жолдары туралы өз іс тәжірбиесімен тарих пәнінің мұғалімі Накипбекова Ж.С. бөлісті. Келесі мәселе бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Балапанова Г.Ж. білім алушылардың ІІ тоқсандағы білім сапасының сараптамасына тоқталды. Мектеп директоры Манатаева Г.М. білім сапасы төмен көрсеткіш көрсетіп отырған сыныптардың жұмыстарын талқылап, ата –анасымен, сынып жетекші арасындағы қарам – қатынас күшейтіліп, тиімді әдіс-тәсілдермен бөлісіп, туындаған мәселелердің шешу жолдары көрсетілді..

Дата: 17.01.2022, 16:34 Автор: №7 МГ