«Балақайлар мектебі»

С. Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында 2 тамыз айынан бастап «Балақайлар мектебі» мектепалды даярлық курстары ашылды. Мектепалды даярлық курсының басты мақсаты – балалардың мектепте оқуға ынтасын, зияткерлік, эмоционалдық-еріктік дайындығына ықпал ететін білім беру ортасын құру, бірінші сыныпта табысты бейімделуін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл курс сынып балаларының қабілетін дамыта отырып, өзіндік дамуға даяр, өзін таныта алатын және өзі үшін де, қоғам үшін де бар мүмкіндігін пайдаланатын шығармашыл, құзіретті тұлғаны тәрбиелейді.

Дата: 13.08.2021, 13:29 Автор: №7 МГ