«БОЛАШАҚ - БАҚЫТТЫ ҰРПАҚТА»

Ұлт болашағы – жас ұрпақта! Белгілі меценат, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты Алтынбеков Бекзат Қомарұлы озат оқушылардың  ынтасын арттыру, білімдерін шыңдау мақсатында қоғам қайраткерлері мен  білім майталмандары атындағы дәстүрлі атаулы шәкіртақы тағайындап келеді.  
 
Биылғы жылы «БОЛАШАҚ - БАҚЫТТЫ ҰРПАҚТА» атты үздіктер шеруін Жезқазған қаласында өтті.
Іс-шараға Қарағанды, Жезқазған, Сәтбаев, Балқаш қалалары, Ұлытау, Ақтоғай, Шет  ауданы орта мектептерінің үздік оқушыларын қатысты.  
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің"С. Сейфуллин атындағы  №7 мектеп-гимназиясы" КММ-нің 10 сынып оқушысы Қасымова Назым Қайратқызы «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, Жезқазған қаласының құрметті азаматы Қабден Шыңғысов атындағы шәкіртақы» иегері атанды. 
Озат оқушылардың  ынтасын арттыру мақсатында  шәкіртақы  тағайындап келе жатқан еліміздің осындай ел азаматтарына алғысымыз шексіз!
Дата: 5.08.2021, 12:07 Автор: №7 МГ