«БАСТАУ» XIV республикалық математикалық турнирі

Қарағанды облысы білім басқармасының «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру арналған аймақтық ҒПО 
28 мамыр күні онлайн режимінде «Сарыарқа дарыны» РҒПО базасында 2-4 сынып оқушылары арасында «БАСТАУ» XIV республикалық математикалық турнирінің облыстық кезеңін өткізді.
Турнирдің облыстық кезеңіне үш қатысушыдан 47 команда (141 қатысушы) қатысты.
 
Олимпиада үш турда:
1тур – «Әу, баста!» үш бөлімнен тұратын «Геометрия», «Сандар», «Мәтіндік тапсырмалар « – командалық сынақ;
2 тур – «Асық» – командалық есеп;
3 тур – «Математикалық бәйге» – жеке сынақ бойынша өтті.
Турнир қорытындысы бойынша «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп - гимназиясы» КММ –ның жас математиктері ІІІ жүлделі орынға ие болды 
XIV республикалық «Бастау» турнирінің облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!!
Дата: 5.08.2021, 10:56 Автор: №7 МГ