"Сахара сұңқары - Сәкен" тақырыбындағы облыстық ғылыми-практикалық конференция

23 сәуір күні Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу әдістемелік орталығы мен Қарағанды қаласы «С.Сейфуллин атындағы гимназиясы» ММ  ұйымдастыруымен  "Сахара сұңқары - Сәкен" тақырыбындағы облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияның «Сәкен жолы – «Тар жол, тайғақ кешу» бағыты бойынша 11-сынып оқушысы Есенова Балнұр «Сәкеннің үміт күткен сәулесі» тақырыбында, бастауыш сынып мұғалімдері  Жақсыбай Гүлфайруз Жақсыбайқызы «Сәкен – қазақ әдебиетінің ақсұңқары», Толеукулова Таңнұр Қурмангазиевна «Сәкен Сейфуллин шығармаларын бастауыш мектепте оқыту» тақырыптарында баяндама жасап, алғысхаттармен марапатталды. Конференция соңында мектеп директоры Манатаева Гулзада Мукатаевна қорытынды сөз сөйлеп, Сәкен мектептері альянсы аясындағы жүргізіліп жатқан игілікті істерге жоғары баға берді.

Дата: 28.04.2021, 14:41 Автор: №7 МГ