Мектеп күні 2020

Мектеп күні 2020

21 қаңтар күні «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында» дәстүрлі мектеп күнінің «Үлгіден тыс  педагогика» атты  І кезеңінің ашық сабақтар сайысы өтті.«Үздік мұғалім» аталымына үміткерлер өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. Мектепалды даярлық топ мұғалімі Кыздарова А.Б. «Зерек- зерттеуші» вариативті компоненті бойынша «Су.Ол қандай?» деген тақырыпта оқу қызметін көрсетті. Ал орыс тілі пәні мұғалімі Умбетжанова Г.Б. 4А сыныбында  «Секреты зимы» деген тақырыбында, биология пәні мұғалімі Балабатырова Г.Ж. 8А сыныбында «Терінің құрылысы, қызметі және тері аурулары»тақырыбында ашық сабақтар өткізді. Пән мұғалімдері сабақтарында жаңартылған білім мазмұнына сәйкес белсенді оқытуды  жүзеге асырып, қалыптастырушы бағалау түрлерін жүргізіп, оқушылардың жас ерекшелігіне сай ресурстарды  қолданды.

Дата: 22.01.2020, 8:29 Автор: №7 МГ