«Қош келдің, Жаңа-жыл!» ертеңгілігі өтті

«Қош келдің, Жаңа-жыл!»  ертеңгілігі  өтті

"С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы" КММ мектепалды даярлық топтары арасында 23.12.2019 күні  «Қош келдің, Жаңа-жыл!»  ертеңгілігі  өтті. Ертеңгіліктің  мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру, шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аяз-атаның, Ақшақардың, жаңа жыл тышқанның, т.б ертеңгілік кейіпкерлерінің  карнавалдық киімдеріне назар аударту, көңілді ойындар ойнату болды. Ата-аналармен  бірлескен ойындар ойната отырып, ата ананың мектеппен жақсы қарым – қатынасын одан әрі нығайта түсу, ата-аналар мен балалардың көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылықтарын одан әрі дамыту болды.

Мектепалды даярлық топтарының балалары ертеңгілікке белсене қатысты Балалар жыл бойы күткен Аяз-ата мен Ақшақарға өз өнерлерін көрсетті. «Шырша», «Ергежейлілер», «Сайқымазақтар», «Аяз-аталар», «Микки тышқандары» билерін билеп, тақпақ , өлеңдерін айтып, көрермендердің көзайымына айналды. Тәттілерге  ие болды.

Жаңа жыл - құтты  жыл болсын!

Дата: 25.12.2019, 12:12 Автор: №7 МГ