16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

13.12.2019 күні мектепалды даярлық топтары арасында  «16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті. Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау: жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру,балаларға  көтеріліс жайында түсінік беру, өз туған елдеріне, жерлеріне, мектебіне  деген  сүйіспеншілігін арттыру, үйрету мақсатында өткен бұл тәрбие сағатын балалар Әнұранмен бастады. Тәрбие сағатын бүлдіршіндер патриоттық тақпақтарымен, әндерімен жалғастырды. «Батырлар» биін билеп, балалар тәуелсіздікке байланысты суреттер салды, Балаларға 1986жылы 16 желтоқсан күні алаңдағы көтеріліс жайлы бейнебаяндардан үзінділер көрсетілді.«Көк тудың желбірегені» әнімен тәрбие сағатын аяқтады. Балалар елімізге тәуелсіздіктің қаншама жас қыршындардың өмірі қиылып, қиындықпен келгенін түсінді.

Дата: 19.12.2019, 10:36 Автор: №7 МГ