"Елдің тарихы-халықтың тарихы"

      2019 жылдың 25 сәуірінде Қарағанды қаласы Достық үйінде Жезқазған қаласы Аналар кеңесінің төрағасы,Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі,Қазақстан және Ресей жазушылар одағының мүшесі Чумакова Зулпа Супьяновнаның ұйымдастырумен "Елдің тарихы-халықтың тарихы"атты облыстық форум өтті. Форумға Рымбекова Гульфайруз Серікқызы Қарағанды облысы Қазақстан халқы ассамблеясы хатышылығының меңгерушісі,Кенжеғалиева Жанар Бейсенбекқызы Қарағанды облысы Қазақстан халқы ассамблеясы аналар кеңесінің төрайымы,Бадина Юлия Викторовна "Нұр Отан"партиясы Қарағанды қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары,Хамитова Айнагул Қайырбекқызы "Дарынды бала"бала бақшасының директоры, көп балалы ана,Каражнова Наталья Николаевна "Грация"сұлулық студиясының директоры, көп балалы ана,Баший Мереуеш Монғолияның еңбек сіңірген әртісі және Қазақстанның мәдениет қайраткері,көп балалы аналармен бірге Балқаш қаласы аналар кеңесінің төрайымы,ардагер ұстаз Сыздыкова Шайзада Рыскуловна мен С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының "Мейірімді алақан"аналар кеңесінің төрайымы Мусаева Рабиға, көп балалы ана қатысып келді.

Дата: 30.04.2019, 9:53 Автор: №7 МГ