"Балалар құқығы" дөңгелек үстел
Қарашаның 15 күні «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» онкүндігі
аясында «Балалар құқығы» тақырыбында құқық пәнінің мұғалімдері
Игембаева А.Д. ,Сандыбаева Д.Ж. ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: балалардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелерін талқылау.
Дөңгелек үстел 9А және 9Ә сынып оқушылары арасында өтті.
Оқушылар бала құқықтары туралы заңдармен танысып,балалардың құқықтарын қорғау туралы негізгі және рәсімдік ережелер талқыға түсті. Олардың ішінде: өмір сүруге, есімінің болуына, азаматтыққа және т.б. ие болу құқықтары; аман-сау отбасылық өмір құқығы; сәбидің жеке басының еркін дамуын қамтамасыз ететін құқық; денсаулығын сақтау нығайту құқығы; білім алу мен мәдени даму құқығы; төтенше жағдайларда баланы қорғау құқықтары жайлы айтылды.