Ұлттық валюта - тенге күні. Сынып сағаттары
Бүгін Ұлттық валюта – теңге күні. Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгеге 30 жыл толды! 1993 жылдың қазан-қараша айларында Қазақстан рубль аймағынан толықтай шығып, 15 қараша күні теңге ресми айналымға енген болатын. Ең алғашқы теңгемізде белгілі тарихи тұлғалардың портреттері, Алатау мен Көкшетау көріністері, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің бейнесі, Маңғыстаудан табылған тастағы таңбалар пайдаланылды. Бір теңгелік банкнотқа Әбу Насыр әл-Фараби, үш теңгелікте Сүйінбай, бес теңгелікте Құрманғазы, он теңгелікте Шоқан, жиырма теңгелікте Абай, елу теңгелікте Әбілқайыр хан, жүз теңгелікте Абылай хан бейнесі сомдалды.Осы айтулы күнге байланысты мектебімізде тақырыптық тәрбие сағаттары өтті.Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыра отырып, төл теңгеміздің шығу тарихы, айналымға ену кезі туралы мағлұматтар беру. Туған жеріне , Отанына сүйіспеншілігін ояту.