«Құқық әліппесі» тақырыбында викторина
Ақпан айының 7 күні құқық және тәртіп фракциясы мүшелерінің ұйымдастыруымен 5-6 сынып оқушыларына «Құқық әліппесі» тақырыбында викторина өткізілді. Мақсаты: Білім алушыларға әлеуметтік норма мен құқықтық норма ұғымдарына түсінік беру. Құқық пен заң арсындағы байланыстарды түсіндіру. Заңдық сауатты адам ретінде заңды үнемі орындап, заңға қайшы іс-әрекеттер жасамауға тәрбиелеу.
Дата: 8.02.2023, 10:05 Автор: №6 ОМ