"Әуенді тап" сазды ойыны
Қаңтардың 20 күні 5-6 сынып оқушылары арасында музыка пәнінің мұғалімі
Телембетова А.Б.-ның ұйымдастыруымен «Әуенді тап» сазды ойын-сайысы өткізілді. Мақсаты:оқушылардың эстетикалық талғамын дамыту,әр түрлі жанрдағы музыкаларды ажыратып,мағынасын түсінуге тәрбиелеу.Тез ойлануға,шапшаңдыққа баулу.
Ойын - сайысқа «Мелодия», «Ксилофон» топтары қатысып,5 түрлі кезеңдерде өнер-білімдерімен сынасты.Сайыс тартысты,қызықты өтіп,оқушылар жоғары қызығушылықпен қатысты. Нәтижесінде «Мелодия» тобы жеңіске жетті.
Дата: 27.01.2023, 12:11 Автор: №6 ОМ