Облыстық ата-аналар жиналысы
9.01.23 күні облыстық білім басқармасы басшысының ұйымдастыруымен онлайн режимде облыстық жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа барлығы 60 ата-ана қатысты.
Күн тәртібінде:
1. Ата-аналар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтар мен шабуылдар жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылық туралы; Баяндамашы: Қарағанды облысының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Искакбаев К.Д.
2. Терроризм актісі туралы жалған қоңыраулар және олар үшін жауапкершілік;
Баяндамашы: Қарағанды облысының полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы полиция майоры Омарова А. Б.
3. Есірткінің синтетикалық жаңа түрлері. Олардың пайдалану мен тарату.
Баяндамашы: Қарағанды облысының ІІД есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің бастығы, полковник Бузук А. В.
Жиналыс барысында күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша ата-аналар тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, сұрақтарына нақты жауаптар алынды.



