Жергілікті кәсіпорындарға саяхат

Күзгі демалыс күндеріне арналған жоспар аясында қарашаның 4 күні мектебіміздің 8,9 сынып оқушыларына мамандық түрлерін таныстыру, кәсіптік бағдар беру мақсатында жергілікті тау-кен құтқарушылар және өрт сөндірушілер бөлімшесіне саяхат ұйымдастырылды.
Құтқарушы — қауiптi, өмiрді тәуекелмен байланыстыратын мамандық. Түрлi табиғи және техногендiк апаттардан адамдарды құтқаруға бағытталған, адамгершiлікке толы, игі мамандық .Қай уақытта болсын, құтқарушы мамандығының мәртебесі биік. Өйткені олар адам өмірін құтқарумен айналысады. Қиындыққа қарамастан, олар зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетеді.
Құтқарушы мамандығының қыр-сырымен оқушыларды бөлімшенің қызметкері қызықты әрі көрнекі түрде таныстырып өтті. Сонымен қатар оқушылар өздерінің сұрақтарына толық тұшымды жауап алды
Дата: 6.11.2022, 17:44 Автор: №6 ОМ