"Мектеп оқулығына қамқорлық жасаңыз!" акциясы

Қазанның 6-7 күндері мектебімізде "Мектеп оқулығына қамқорлық жасаңыз!" акциясы өтуде. Аға тәлімгер, кітапханашылар, мектеп Парламенті мүшелері оқулықтар жағдайын тексеріп шықты. Соңынан кітапханаға әрбір сынып шақырылып, кітапты күту ережелері таныстырылды. Жыртылған оқулықтарды желімдеп, өңдеу жұмыстары жүргізілді. Оқушыларға оқулықтарды дұрыс сақтау және оларды  ұзақ қолдану маңызды екендігі түсіндірілді. Оқулықтарды тексеру барысында  оқушылардың кітаптарын ұқыпты ұстайтындары анықталды.

Дата: 22.01.2022, 10:52 Автор: №6 ОМ