"Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті" пікірсайыс

04.10.2021 жылы «Саяқ кентінің ЖББ №6 мектебі» КММ да «Ақиқат» дебат клубының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» атты пікір – сайыс турнирі өткізілді. Турнирге мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Нәзия Жайдарқызы, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Еркін Қасымұлы, информатика пәнінің мұғалімі Меруерт Тұрарқызы қатысып, әділқазылық етті. Пікір-сайысқа қатысқан фракциялар тартысты ойын өрнегін көрсетті. Жеңіске жеткен «Билік» фракциясы дипломмен марапатталып, қалалық турнирге жолдама алды.