"Ұлттық валюта-теңге"

15.11.2021 күніҰлттық валюта күніне орай мектебімізде ZOOM платформасы арқылы «Ұлттық валюта– теңге күні»тақырыбында іс-шара өткізілді. Шара барысында оқушылар төл теңгеміздің шығу тарихымен, ұлттық валютамыздың жасалу ерекшеліктерімен, бейнеленген суреттердің мән-мағынасымен танысты.Банкноттар мен монеталардың фабрикада, Монета сарайында шығарылу технологиясымен, теңгенің даму тарихы туралы бейнефильмді тамашалды. Орта буын оқушылары ұлттық тенге  туралы  тарихи деректерге көп мән беріп, теңге сөзінің шығуы, ежелгі ақшалар мен монеталар туралы ізденіс жұмысымен айналысты. Кітапханада ұлттық валютамызға арналған көрме ұйымдастырылды.

Дата: 22.01.2022, 0:43 Автор: №6 ОМ