"Не?Қайда?Қашан?" интеллектуалдық ойын

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай Саяқ кенті №6 ЖББМ-де 5 «а»,  5 «ә» сынып оқушыларының арасында «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалдық ойыны өтті.Мақсаты: Оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойларын еркін жеткізе білуге үйрету. Ой-өрісін, тілін, ойлау қабілетін дамыту. Шығармашыл белсенді тұлға тәрбиелеу. Ойын «Тұлғаны тани біл», «Сандар сыры», «Мақал-сөздің мәйегі», «Ойлы болсаң, озып көр» деп аталатын 4 кезеңнен тұрды. Осы 4 кезең бойынша 5 «ә» сынып оқушылары алға суырылып шығып, жеңімпаз атанды.

Дата: 2.12.2021, 10:50 Автор: №6 ОМ