"Елбасы жолы" виртуалды экскурсиясы

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай №6 ЖББМ КММ оқушылары үшін "Көшбасшы жолы"виртуалды экскурсиясы ұйымдастырылды. Балалар Н. Ә. Назарбаевтың өмірі туралы бейне көрді.
Аталған іс-шараның мақсаты:
- ҚР Тұңғыш Президентінің өмірбаяны мен қызметі; оның Қазақстан Республикасының дамуындағы рөлінің маңыздылығы туралы білімді тереңдету;
- танымдық қызығушылықты дамыту, ҚР Тұңғыш Президентінің тыныс-тіршілігі туралы ой-өрісін кеңейту.
Балалар патриотизм мен Ұлт көшбасшысына құрмет көрсете отырып, осы бейнені қызығушылықпен тамашалады ,сондай – ақ Қазақстанның дамуы мен гүлденуі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-әлемдік ауқымдағы саяси қайраткер Н. Ә.Назарбаевтың орасан зор еңбегі екеніне тағы да көз жеткізді.

Дата: 1.12.2021, 19:27 Автор: №6 ОМ