"Бүгінгі күн талабы ҰБТ-ға психологиялық қолдау" тақырыбында онлайн-вебинар 10-11 сынып оқушылары мен ата-аналар арасында өтті

Қазақ  мемлекеттік қыздар педагогика университеті, "Жан шуағы" психологиялық орталық мамандары:
Елшібаева Кулмаш Ғалымжанқызы,
Нұршашқан Бекзатқызы, Салима  Асқарқызы
Балқаш қаласы, Саяқ кентінің N6 жалпы білім беретін  мектебіне қашықтықтан психологиялық қолдау көрсетті. Бүгінгі күн талабы ҰБТ-ға психологиялық қолдау тақырыбында  онлайн-вебинар 10-11 сынып оқушылары мен ата-аналар арасында өтті.
Оқушыларды ҰБТ-ға психологиялық қолдау арқылы ашық әңгімелесе отырып, сауалнама мен сергіту жаттығу көрсетілді. Ата -аналарға:
Ең бастысы, баланы қобалжу  мен қорқудан  арылтып,оның дайындалуына қолайлы жағдай жасап, сенімділік  күш үш береді-қолдаңыз, уайымдап жүргенін түсінетініңізді көрсетіңіз деген кеңестер берді. Оқушыларға  мамандық типтері (Е.А.Климов) және тыныс алу жаттығулары мен бөлісті. Оқушыларға ҰБТ-ны жақсы тапсыруларына сәттілік тіледі.
 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің мамандық бойынша ақпараттар беріп өтті.

Дата: 31.03.2021, 13:34 Автор: №6 ОМ