Жалпы ата-аналар жиналысы
«Саяқ кенті жалпы білім №6 орта мектебі КММ»
14.11.2020 ж өткізілген жалпы ата-аналар жиналысы туралы ақпарат
2020 жылдың 14 қараша күні сағат 13:00-де мектеп директорының өткізуімен инстаграм тікелей эфирінде «Директор сағаты» өтілді. Жиналысқа 1-11 сынып сынып жетекшілері, мектеп оқушылары және 1-11 сынып ата-аналары қатысты. Жиналыста қозғалған негізі тақырыптар:
1. 2020-2021 оқу жылының І тоқсан бойынша қорытындысы
2. 2020-2021 оқу жылының ІІ тоқсан тоқсанда жүргізілетін жұмыстар және кезекші сыныпқа 1-4-ші сынып оқушылармен бірге 5-сынып оқушыларының білім алуы
3. Оқушының онлайн және оффлайн сабақтары жайлы мәліметтер /Платформа, негізгі және қосымша пәндер /
4. Мектеп формасы жайлы қосымша ақпараттар
І тоқсанда қыркүйек айының басынан бастап 1-4 бастауыш сынып оқушылары санитарлық талаптарға сәйкес кезекші сыныпта оқуын бастады. 5-11 сынып оқушылары Еду марк плафтормасы арқылы білім алды. Оқу жылының басында плафторма тарапынан қиындықтар туындады. Бірақ, уақыт өте келе техникалық ақаулықтар орнына келіп, мектеп оқушылары Еду марк платформасы арқылы І тоқсан бойы білім алды.
ІІ тоқсанда кезекші сыныпқа 5-сынып оқушыларының санитарлық талапқа сай білім алатындығы және мектеп оқушыларының сабаққа классикалық киімдегі үлгіде және қолында күнделікті ауыстырып отыратын қосымша 2 бетперде болу керектігі ескертілді. Оқушылардың денсаулығы үшін
Ата-аналар тарапынан мектеп директорына сұрақтар қойылды. Барлық қойылған сұрақтарға мектеп директоры жауап беріп, ата-аналар жауапқа қанағаттанды. Қосымша ата-аналардың ұсыныстарын қабылады. 50 минутқа созылған жиналыстан ата-аналар тарапынан жақсы кері байланыс алынды.