Ковид-19 індетінің жаңа толқынының алдын алу
Қазан айының 24-25 күндері «Саяқ кенті жалпы білім беретін №6 орта мектебі» КММ-де салауатты өмір салтын насихаттау және коронавирус індетінің жаңа толқынының алдын алу мақсатындағы іс-шаралар аясында 1-11 сыныптардың ата-аналарымен сынып жетекшілері ата-аналар жиналысын өткізді.
Ата-аналар осы індеттің алдын алуға байланысты қойылған барлық талаптар және жүргізіліп жатқан шаралар,нұсқаулықтармен таныстырылып, толық мәліметтер алды.
Дата: 3.11.2020, 10:53 Автор: №6 ОМ