Ата-аналар жиналысы
Саяқ кенті жалпы білім беретін №6 орта мектебі КММ
Ата-аналар жиналысы ақпар
31.10.2020 ж сағат 16:30-да 5-11 сынып ата-аналарымен ZOOM платформасы арқылы жалпы ата-аналар жиналысы өтілді. Жиналыста талқыланған негізгі тақырыптар:
1. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын – алу
/ Баяндамашы әлеуметтік педагог: Рахимова М.Т/
2. Карантин жағдайындағы балалар мен ата-аналарға психологтың ұсыныстары
/Мектеп психологы: Байсагызова А.К/
3. Карантин уақытындағы жасөспірімдердің көшеде тыс жүруі
/Кент учаскелік полицейі Амирханов Б.О/
Жиналыста әлеуметтік педагог мектеп оқушыларынының құқықбұзушылыққа бейім болмауын және түнгілік рейд, оқушылардың ата-ана рұқсатынсыз жұмыс жасауының болмайтығын ескертіп, құқықбұзушылықтың алдын-алу шарасы бойынша баяндама оқыды.
Мектеп психологы дәл қазір ақпараттық күйзеліс жағдайында өмір сүрудеміз, карантиндегі басты міндетіміз өте қарапайым: аман қалу, мүмкін болса ауырмау, сонымен қатар басқа адамдарға жұқтырмау секілді тақырыптар аясында ұсыныстар айтылды.