Ата-аналар жиналысы
2020ж қыркүйек айының 25-26 күндері мектебімізде орыс және қазақ тілінде жалпы ата-аналар жиналысы өтілді. Әр сыныптан 3 ата-анадан қатысты.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1.2020 жылғы мектептің қаржысы .Мектеп директоры Жумашева М.Ж
2.Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Есендикова А.Б
3.Құқық бұзушылық.Кәмелеттік жасқа толмағандардың әкімшілік жауапкершілігі.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Оспанбекова М.Б
1- мәселе бойынша 2020 жылғы мектептің қаржысы бойынша сөз кезегі мектеп директоры Жумашева Меруерт Жанабековнаға с берілді. Биылғы 2020 жылғы мектептің қаражатына келетін болсақ жалып мектептің жұмыскерлеріне және үкіметке төленетін салық соммасы 156416000-00 құрайды. Жалпы жыл басынан оқушы жихазының жиынтығы 2-8393600-00, 20 компьютер-30026440,қолды дезинфекциялауға арналған байланыссыз аппарат-138000-00,3 бактерицидті сәулелендіргіш-432000 құралдары көрсетілген соммаға алынды. Аз қамтылған және өте мұқтаж оқушыларды тамақтандыру (45 бала) – 2 017 000-00 Көп балалы отбасылардан шыққан балаларды тамақтандыру – 25 бала) - 976 000-00.Жалпыға бірдей білім беру қорынанИнтернет қызметі-377 500-00 Жазғы киім сатып алуға материалдық көмек (44 бала) - 440 000-00 Кеңсе тауарлары – 25 бала) - 225 000-00 Киім (45 бала) - 900 000-00 ақша бөлінді.
2.Мәселе бойынша қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша сөз кезегі диретордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Есендикова Айнур Байзаковнага сөз берілді.Алдымен «қашықтықтан оқыту» деген ұғымға тоқталатын болсам, қашықтықтан оқыту – адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардың негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың 3 түрлі формасы бар: онлайн (синхрондық), оффлайн (асинхрондық) және кең таралған үшінші түрі вебинар.
Қашықтықтан оқыту режиміне толық ауыспас бұрын, 2020-2021 оқу жылынын басында мектеп мұғалімдеріне педагогикалық кеңесте толық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Біздің мектепте 49 мұғалім қашықтан оқытуды жүзеге асырып жатыр. Мектептегі 426 оқушының оның ішінде, мектеп қабырғасында даярлық топта 42 бала, бастауыш сыныптарда кезекші сыныптарда 139 оқушы білім алса, қалған 287 онлайн режимде оқуларын жалғастыруда. Мұғалімдер «Bilimal.kz», «Edu mark» білім беру платформасындажұмыс істеуде. Мәселе мектеп оқушыларының өзін-өзі оқытуы, сонымен қатар Youtube.com порталында көптеген қолданушыларға бейімделген танымдық бейнелерді көру және «Балапан» телеканалы арқылы шешіліп отыр. Мұғалімдер сонымен қатар қиын сұрақтарды түсіндіретін қысқа аудио және видео роликтермен оқушыларды қамтамасыз етіп отыр. Қашықтықтан оқытуды жүргізіп отырған мұғалімдер ата-аналармен және оқушыларымен бірге мұғалімдерге «Edu mark» платформасына тапсырмаларын жіберудің алгоритмін реттеп отыр. Мектепте қашықтықтан оқыту бес минуттық жиналыстан басталады, оның барысында сынып жетекшісі оқушыларымен күннің ағымдағы кестесін, пәндер бойынша тапсырмаларды, алдағы сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстарды талқылайды.Онлайн сабақтар санитарлық-эпидемиологиялық стандарттарға сәйкес жүргізіледі және сабақ Zoom, Whats App бейнеконференциялық платформаларында 20 минуттан аспайды.
3.Мәселе бойынша құқық бұзушылық. Кәмелеттік жасқа толмағандардың әкімшілік жауапкершілігі.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Оспанбекова Макпал Болатовнаға сөз кезегі берілді.Кәмелеттік жасқа толмағандар болып, әкімшілік құқық бұзушылық жасау уақытында 16 жасқа толмағандар есептеледі. 16 жасқа толмағандар үшін әкімшілік жауапкершілікті ата-аналары өтейді.
Жазаның негізгі түрлері — әкімшілік жаза немесе тәрбиелеу сипатындағы мәжбүрлеу шаралары. Кәмелеттік жасқа толмағанға әкімшілік жаза тағайындау кезінде оның өмір сүру мен тәрбие жағдайы, психикалық даму деңгейі, жеке тұлғаның өзге ерекшеліктері, сонымен қатар оған басқа ересек адамдардың әсері ескеріледі.
Кәмелеттік жасқа толмау жазаны жеңілдететін. жағдай ретінде ескеріледі. Егер кәмелеттік жасқа толмаған тұлға әкімшілік құқық бұзушылықты алғаш рет жасаса, онда уәкілді орган (лауазымды тұлға) оны әкімшілік жауапкершіліктен босатып, оған тәрбиелік ықпал жасайтын шараларды қолданады.
Тәрбиелік ықпал ету шараларына жататындар:
заңды түсіндіру;ата-аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың немесе мамандандырылған мемлекеттік органның қадағалауына беру;
келтірілген зиянды өтеу міндетін жүктеу;бос уақытын шектеу және оның мінез-құлқына ерекше талаптар қою аралардың бұл тізімі нақты анықталып шектелген болып саналмайды. Өзге де тәрбиелік ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкін.Кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаға әкімшілік жаза — әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап бір айдан, ал созылмалы құқық бұзушылық үшін—оны анықтаған күннен бастап бір айдан кешіктірмей тағайындалады. Егер кәмелеттік жасқа толмаған тұлға әкімшілік жаза тағайындау туралы қаулының орындалуынан кейін алты ай жаңа құқық бұзушылық жасамаса, онда ол әкімшілік жазаға тартылмаған болып саналады.