«Наурыз-думан» мерекесі ақпар

      21 наурыз күні мектебімізде  "Наурыз-думан" атты  мерекелік сайыс өтті. Сайысымызға мектеп ұстаздары мен оқушылары белсене ат салысты.

      Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы, Наурыздың 22 – інде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп көктем келеді. Тіршілік басталады. Ол тіршілік арқауы – тамақ. Малының қыстан аман шығуы, оның өсіп - өніп төлдеуі  қазақ халқы үшін үлкен мейрам –22 наурыз. Бұл көрініс Әйтеке би ауылының наурызынан қаншама өнерлі ұстаздар, оқушылар атсалысты. Мектебіміздің наурызын жандандырған ең мықты жеңіске жеткен ауыл Әйтеке би ауылы болды.  Екінші орынды Қаз дауысты Қазыбек би ауылы иеленді. Қазыбек би ауылынан шыққан білімді де жетелі ұстаздары халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр,ата жолдарын меңгерген,озық ойлы,әділ де көреген,батыл да батыр ұрпақ тәрбиелеп жатқанын бүгінгі "Наурыз-думан" мерекесінде дәлелдеді. Үшінші орынды Төле би ауылы иеленді.Төле би ауылының жан жакты, өнерлі ұстаздары мен оқушылары өз өнерлерін ортаға салды.

    Наурыз құтты болсын! Ақ мол болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

 

 

Дата: 8.04.2019, 22:09 Автор: №6 ОМ