«Саяқ кенті жалпы білім беретін№6 орта мектебі» КММ –нің ұжымына Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауын таныстыру туралы ақпарат

Елбасының "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты жолдауын жалпы білім беретін № 6. орта  мектеп ұжымы тыңдап, өзіндік пікірлерін білдірді. Елбасы жолдауына тарих пәнінің мұғалімдері Испанова К.Ш. ,Игембаева А.Д., қазақ тілі пәнінің мұғалімі Молжигитов Е.Қ. өз пікірлерін  білдірді.  Елбасының өз баяндамасында адам капиталын арттыру, жаңа технологияларды енгізу, әлеуметтік мәселелер бойынша бірқатар тапсырмаларды атап өтті.   Бұл Жолдау жаңа әлемге,яғни «Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету» жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындады.2017 жылы біздің ел БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болды. Біз дүниежүзілік ЭКСПО мамандандырылған көрмесін өткізу үшін әлемдік қоғамдастық таңдап ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасындағы бірінші мемлекет болды.Жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін Қазақстанда қажетті нәрсенің бәрі бар екеніне сенімдімін. Бұл үшін мынандай міндеттерді шешуге жұмылуымыз керек:

1-ші Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс.

2-ші Ресустық әлеуетте одан әрі дамыту.

3-ші «Ақылды технолоиялар-агроөнеркәсіптік кешенін қарқынды дамыту мүмкәндігі»

4-ші Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру.

5-ші Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу.

6-ші Қаржы секторын «қайта жаңғырту»

7-ші Адами капитал-жаңғыру негізі.

8-ші Тиімді мемлекеттік басқару.

9-ші Жемқорлықпен күрес және заңнын үстемділігі.

10-ші «Ақылды қалалар», «ақылды ұлт»

 

 

Дата: 23.01.2018, 12:27 Автор: №6 ОМ