Қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы

Қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы№1

« Саяқ кенті жалпы білім беретін №6 орта мектебі»КММ

Қатысты: 8 адам 08.09.2017 ж.

Күн тәртібі:

1.Қамқоршылық кеңесін құру  туралы   

                                   Мектеп директоры М.Ж.Жумашева

2.  Қамқоршылық кеңесі  мүшелерінің  қатысуымен 2017-2018  оқу жылында атқарылатын іс-шаралар жоспарымен таныстыру

                                 Қамқоршылық кеңесінің  төрағасы Үшкөлбай А.Ү.      

       Тыңдалды:

1.Алғашқы сөз  мектеп директоры М.Ж.Жұмашеваға беріліп,ол мектептің 2016-2017 оқу жылының оқу-тәрбие жұмысы бойынша қысқаша талдауынан ақпар берді.Сонымен бірге мектеп оқушыларының  түрлі байқаулардан және дзюдо кү-ресінен жеткен жетістіктері мен ҰБТ, мектептің бес күндік оқу жүйесіне көшкен- дігі туралы мәлімет беріп өтті. Мектептің қаржы-экономикалық қызметінің тиім- ділігін арттыру, қызметкерлерінің еңбегін ынталандыру, мектепте білім беру про- цесі мен ұйымдастыру формаларына тиімді жағдайлар жасауға ықпал ету, мектеп- те оқуға, тәрбиелеуге және еңбек етуге жайлы жағдай туғызу, оқушылар үшін олардың денсаулығына жайлы спорттық сауықтыру, медициналық жағдайлар жа- сау және нығайту  мақсатында «Қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастыру- дың және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 20017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығына  сәйкес тиісті жұмыстар жүргізіліп, Қамқоршылық кеңесі құрылғаны туралы айтып өтті.Қамқоршылық кеңесінің құрамы ата-аналар жиналысында белсенді ата-аналардан сайлау өткізіліп, құрамы  бекітілгенін де атап өтті.

2.Қамқоршылық кеңесінің  төрағасы болып бектілген Үшкөлбай А.Ү  сөз алып, қамқоршылық кеңесінің  мүшелерімен біріге  отырып, жұмыс жоспарын жасап бекітті. Кеңес мүшелері жоспармен танасып, таныстырлығаны жөнінде қол қойып берді.

  Күн тәртібіндегі  мәселер толық қаралып, төмендегідей қаулы қабылданды.

 

Қаулы:

1.     2017-2018 оқу жылынан бастап қамқоршылық кеңесінің  мүшелерімен біріге жасалған  жұмыс  жоспары  бекітілсін.

           2.  Қамқоршылық кеңесінің  жоспары бойынша мектеппен  бірлесе жүйелі 

                     жұмыс жүргізілсін.

 

                   Қамқоршылық кеңесінің төрағасы:         Үшкөлбай А.Ү

                                                                   Хатшы:       Ғалымжанова Д.Ж

 

Дата: 9.01.2018, 17:59 Автор: №6 ОМ