«Қазақстандық арманға бастайтын жол» атты қалалық ғылыми-практикалық конференциясы
№17 орта мектебінде 13.05.2016 ж.Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қазақстандық арманға бастайтын жол» атты қалалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.Бұл іс-шараға қала мектептерінің оқушылары қатысты. Сағынтаева А.- №7 МГ,Кусекенова К.- №16 ОМ,Адамкулов А.- №5 ОМ,Гарайшин А.- №10 ОМ, Отарбаев К. – №15 МЛ,Оразғали А.- №24 ОМ.Әділ қазылар алқасы: Балапанова Ж.С.,білім бөлімінің бас маманы,Кожаков Д.А. , қалалық мұражайдың аға ғылыми қызметкері, Адибекова Ш.З.,БҚГТК тарих пәні мұғалімі,Почтарь О.Ю., НОУ «Ника» жетекшісі.Әділ қазылардың шешімі бойынша 1 орынды №7МГ оқушысы Сағынтаева А. «Атам жүріп өткен жол» атты жұмысы үшін,2 орынды Адамкулов А. №5 ОМ оқушысы, «Гүлшат кентінің тарихы» тақырыбындағы жұмысы үшін және №10 ОМ оқушысы Гарайшин А. «Начало звездного пути человечества» тақырыбындағы жұмысы үшін , 3 орынды Отарбаев К. №15 ОМ оқушысы, «Елбасының Елорданы көшіру жөніндегі шешімінің тарихи маңызы: Астана-болашақтағы барлық қазақстандық қалалардың үлгісі» атты жұмысы үшін иеленді.Сонымен қатар әділқазылар алқасы №17 ОМ жоғары сынып оқушыларынан құрылған еріктілер қозғалысының шығармашылық әлеуетін жоғары дәрежеде деп бағалады.