Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Біз Қазақстанның нұрлы болашағымыз» атты қалалық қалалық интеллектуалды - танымдық байқау

 Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Біз Қазақстанның нұрлы  болашағымыз» атты қалалық қалалық интеллектуалды - танымдық байқау

 2016 жылдың 25 сәуірінде  М.Горький атындағы  мектепте Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25жылдығына арналған, «Біз Қазақстанның нұрлы  болашағымыз» атты қалалық интеллектуалды-танымдық  байқау  болды.

         Іс шараның мақсаты: Тәуелсіздік туралы ұғым беру, тіл мен ұлттық рәміздерді жарнамалау, балалардың  шығармашылық деңгейін көрсету.

        Іс шарада балалар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің құрылуы жайлы, елімізде мемлекеттік тілдің  даму маңызы, рәміздер, Тәуелсіздік  кезеңіндегі қазақ халқының жетістіктері, Қазақстан халықтары арасындағы достық пен бейбітшілік жайлы, қазақстандықтардың  туған елі мен туған жеріне, халқына деген мақтанышытары  мен сүйіспеншілік сезімдері туралы айтты. Байқау танымды және қызықты болды. Балалар тек білімдерін  ғана емес, сонымен  бірге жаңадан көптеген мағұлматтар алып, Отан туралы әндер шырқады.

       Байқау қорытындысы бойынша І орынға  №10 мектебінің «Нұрлы Үміт» командасы, ІІ орынға  №1орта мектептің «Қыран» командасы,  ІІІ орынға №3 мектебінің «Исток» командасы ие болды.

Дата: 28.04.2016, 5:56 Автор: Школы и сады г. Балхаш