«Жас өрт сөндіруші»

 «Жас өрт сөндіруші»

   2016 жылғы 27 сәуірде «Бөбек» МЖДМ КМҚК Балқаш қаласының ТЖБ бірлесіп «Жас өрт сөндірушілер» атты екі ересек топ балаларының  арасында өрт қауіпсіздігі бойынша сайыс ұйымдастырылды. Бұл сайыстың мақсаты балаларға өрттен, оттан сақтану жолдарын, адам өміріне өрттің зиянды екенін біле отырып сіріңкені, тұрмыстық – техникалық заттарды пайдалану қауіпсіздік ережелерін үйрету болды. Сайысқа төрелік жасап, қонаққа № 45 арнайы өрт сөндіру бөлімшесінің басшысы азаматтық қорғаныс майоры Ерлан Калкаманович Байсеитов,  ТЖБ басшысы азаматтық қорғаныс майоры Иван Евгеньевич Татьков, ТЖБ  аға инженері азаматтық қорғаныс майоры Елена Ивановна Казанцева келіп қатысты. Сайыс 5 бөлімнен құрылды. Әрбір сайыста балалар өздерінің ептілігін, шапшаңдығын, алғырлығын көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар интеллектуалдық жағынан да биіктерден көрінді. «Айбын» және «Жалын»  командалар өз атауларын  ақтады, болашақта нағыз өрт сөндіруші мамандары болатынын дәлелдеп шықты. Сайысқа төрелік жасап келген қонақтарымыз да сайысқа қатысып өз үлестерін қосты. Сайыстың жеңімпазы болып «Жалын» командасы атанды. Әрбір командаларға әділқазылар алтын және күміс алқалар мен тәтті сыйлықтар  табыстады. Келген қонақтар балаларға разылығын білідіріп, алғыстарын айтып жатты.

Дата: 28.04.2016, 5:38 Автор: Школы и сады г. Балхаш