Қалалық «Жүрек жылуы» атты қайырымдылық жарналы дебат турнирінің өтілуі туралы ақпарат

Қалалық «Жүрек жылуы» атты қайырымдылық жарналы дебат турнирінің өтілуі туралы ақпарат

   «Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі» КММ-де «Жүрек жылуы» атты қайырымдылық жарналы дебат турнирі өткізілді. Турнир оқушылар лигасы және ұстаздар лигасы деп екіге бөлінді. Оқушылар лигасында қала мектептерінен «Абай атындағы №2 лицей», №16 мектеп, №15 мектеп-лицей, №9 мектеп, «Сәкен Сейфуллин атындағы № 7 мектеп-гимназиясы» және «Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 мектептер» қатысты. Ал орыс лигасы бойынша №1 мектеп және №10 мектеп командалары ат салысты. Ұстаздар лигасында жасы 29-ға дейінгі пікірсайыстың майталмандары,  қаламыздың ұстаздары ат салысты. Жалпы мектеп лигасы бойынша 9 қазақ лигасы, 3 орыс лига командалары қатысып, өздерінің ұтқыр ойларын көрсете білді.  Ал, аға буын ойындарынды 9 ұстаз қатысты. Тақырыптар аясы «Қазақастанның қайырымдылық қорларға оң баға беріуі ақталады». Қорытындылай келе, мектеп лигасы бойынша қазақ пікірталаста 1 орын «Абай атындағы №2 лицей» «Сана» командасы, 2 орын «№15 мектеп-лицейі» «Жас қыран» командасы, 3 орын «Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 мектеп» «Болашақ» командасы жеңіп алса, «Үздік спикер» атағын «№15 мектеп-лицейі» «Жас қыран» командасының мүшесі Амантаев Азиз марапатталды. Орыс лигасы бойынша 1 орын №10 мектеп «Эрон» командасы, 2 орын №1 мектеп «Товарищь» командасы, 3 орын 10 мектеп «Эрон блейк» командалары жеңіп алса, «Үздік спикер» атағн №10 мектеп оқушысы Мукашев Амир марапатталды. Ұстаздар лигасы бойынша «Финалист» атағын №10 мектептің ұстазы Қалымбек Серікбол марапатталса, «Чемпион» атағына «Қазақмыс» корпорациясының ұстазы Аринов Ернат ие болды. 

Дата: 30.03.2016, 6:15 Автор: Школы и сады г. Балхаш