Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні
Балалардың мемлекет басшысына құрмет көрсету сезіміне, елжандылыққа, өз елін, жерін мақтан етуге, оны сүюге тәрбиелеу мақсатында, «Бөбек» МЖДМ КМҚК-де 2015 жылдың 27 қарашасында «Президентіме шын жүректен!» атты тақырыппен ортаңғы және ересектер тобының балалары арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті.
Сайысқа 16 бала қатысты. Балалар екі тілде Қазақстанның қазіргі ақын-жазушыларының елбасы, туған жер, туған қала, Отан туралы өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Әр топтың балалары өнерімен көзге түсті. Олар: (ортаңғы топ) –Моськин Даниил (№4топ)-1орын; Сорих Вика (№4топ)-2орын; Сағат Диас (№8топ)-3орын; (ересектер тобы )- Оразкен Арилана (№9топ)-1орын; Серикжан Жансерик (№3топ)- 2 орын; Рожко Игнат (№9топ)-3орын.
Жеңімпаздар мақтау грамоталарымен, қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.