2015 жылы әскер жасына дейінгі бозбалалардың оқу-жаттығу жиыны өткізілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 13.02. 2013ж №118 «Бастауыш алғашқы әскери туралы» Қаулысын орындау, Балқаш қалалық білім бөлімі, қалалық қорғаныс бөлімімен бес күндік 10-сынып бозбалалармен оку-жаттығу жиынын өткізу бағдарламасын бекітті. Осы жоспар негізінде жалпы білім беретін 15 орта мектептердің 10-сынып бозбалаларын әскери қызметке дайындау мақсатында маусым айының 21-26 аралығында үш взводтан тұратын бір рота жасақталып, оқу-жаттығу жиыны өткізілді.
Әскери оку-жаттығу жиыныңа 108 бозбала қатысты. Жиын барысында окушылар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жарғысы, атыс дайындығы, тактиқалық дайындық, саптық дайындық , әскери топография, азамттық қорғаныс, және жалпы дене дайындығы бойынша окушылар бес күн бойына алғашқы әскери дайындық сабағында алған теориялық білімдерін практика жүзінде іске асырды.
Мектеп медбибілері 10-сыныптардың 199- оқушы-қыздар арасында дарігерлік-санитарлық жаттығулар ұйымдастырып өткізді.