«Біз оқушы боламыз!»

«Біз оқушы боламыз!»

             27- мамыр күні «Ер Төстік» балабақшасында №2,3 түзету топтарға  арналған «Біз оқушы боламыз!» атты ертеңгілік өтті. Оған балалармен бірге  ата-аналар да қатысты. Әсем безендірілген музыка залында балалар би билеп, ән айтып, өлең-тақпақтарын оқыды. Ата-аналар да ертеңгілікке белсенділік танытты.  Жалмауыз кемпір мен оның үйшігі бірігіп  би билеп, түрлі ойындар өткізілді. Мереке соңында балабақша меңгерушісі- Адамбекова Қ.А, логопед – Бочарова Е.А және тәрбиешілер  құттықтау сөздер  айтты. Ата-аналар балабақша қызметкерлеріне өз алғыстарын  айтып, мақтау қағаздарымен марапаттады.

Дата: 27.05.2015, 10:19 Автор: Школы и сады г. Балхаш