«Жігіт сұлтаны» сайысы

«Жігіт сұлтаны» сайысы

        Наурыз мерекесі қарсаңында «Ақбота» мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мекемесінде  музыка жетекшісі: Джуматаева К.Қ және ересектер тобының тәрбиешілері Ж .Шекен мен А.Т .Есимбекованың ұйымдастыруымен  №8 ересектер тобының  ұлдарының (5 бала) қатысуымен алты бөлімнен тұратын  «Жігіт сұлтаны»  сайысы өтті.

      Сайыстың  мақсаты: Балалардың білімдерін кеңейте отырып, қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін меңгерту, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

      Сайыстың қорытындысында балалар әртүрлі номинациялар бойынша мақтау қағазбен марапатталды.

Дата: 20.03.2015, 8:39 Автор: Школы и сады г. Балхаш