Әдебиет сабағын оқытуда Б және С технологиясын қолдану.

Әдебиет сабағын оқытуда Б және С технологиясын қолдану.

 

Балқаш қаласының мектептерінде Ф.Я. Вассерманның әзірлеген   Биоақпараттандыру және синергетика (БжС) техногиясын жүзеге асыру екінші жылы қолға алынып келеді. Осы технологияның ықпалымен мектеп оқушылары өздерінің мектепте атқаратын істерін ұйымдастырып, ойлау, ой-өрісі және есте сақтау қабілеттерін дамытады.  Оқушылардың оқуға деген ынтасы артады, әр бала өзінің білімін, ептілігін көрсеткісі келеді. Осыдан білім сапасы да көтеріледі. 

15 қарашада № 7 гимназияда осы технологияның «Әмбебап сабағы» картасы бойынша әдебиет сабағы өткізілді. Сабақты өткізген мұғалім Л.Т. Сәрсенбаев, сабақтың тақырыбы Г.Х. Андерсеннің шығармасына арналып, ұйымдастыру сәтімен басталды. Ұжымда бірыңғай ақпараттық кеңістік туды. Сынып көшбасшысы табысты болуға дем беріп, сәттілік тіледі. Сабақтың барлық кезеңдері өзара байланыста болды. Мұғалім оқушылардың тақырыптың мәнін түсінуіне жан-жақты бағыт беріп отырды. Балалар әңгімені біліп және түсініп қана қоймай, оны талқылап, салыстырып және сараптама жасады. Сабақтың  практикалық және әлеуметтік мәніндегі сұрақтарын түсіну өте жоғары дәрежеде өтті. Бұл балалардың « Рухани ізгілік сабағы » тақырыптық сөздік қоры кезіндегі жазған эсседен көрінді. Балалар өмірде ең бастысы -  қайырымды және төзімді болу керек деген тұжырымға келді. 

Дата: 16.11.2012, 5:30 Автор: Школы и сады г. Балхаш