Балқаш аймағында туризмді дамыту» қалалық дебат турниры

Балқаш аймағында туризмді дамыту» қалалық дебат турниры

 

09.11.2012 жылы Абай атындағы №2 лицейде Балқаш қаласының үздік жас шешендері қалалық «Балқаш аймағында туризмді дамыту болашағы» атты қалалық дебат турнирына жиналды. Дебат турнирының мақсаты- жастарды жақындастыру, олардың назарын қаланың  маңызды мәселелеріне аудару, талантты шешендерге қолдау жасау. Спикерлер турнир кезінде емтихан тапсырардай толғанғандарын жасырмады. 

 

Қалалық турнир Америкалық Парламенттік формат бойынша өтті, бұған қала мектептерінің, Балқаш станциясының, Қоңырат кентінің 12 командасы қатысты. Әр команда құрамында екіден адам болды, олар: мектептегі таңдау конкурсының жеңімпаздары. 

 

Әділқазылар алқасы қалалық «Балқаш аймағында туризмді дамыту болашағы» атты қалалық дебат турнирының ең үздік спикерлерін анықтады, олар: №8 орта мектебінің оқушысы Балташева Шырын, №4 орта мектебінің оқушысы Жампейсов Рамазан.

Қазылар алқасын студенттердің «Жұлдыз» клубының дебатшысы Аринов Ернат бастаған бұрынғы жылдар турнирларының жеңімпаздары құрады. 

Дата: 15.11.2012, 6:19 Автор: Школы и сады г. Балхаш