Менің қалам мен үшін

Менің қалам мен үшін

 

2012 жылдың 28 қыркүйегі Республикалық балаларды қорғау департаментінің ұйымдастыруымен «Менің қалам - мен үшін» атты онлайн конференция болып өтті. Аталған конференцияға Қарағанды, Балқаш, Қызылорда, Павлодар, Астана және Петропавл қалаларының балалар маслихаттарының депутаттары қатысты.

Конференцияда алғашқы болып сөз алған Балқаш қаласының Балалар маслихаты депутатының хатшысы қалалық гимназия оқушысы Рахымбек Жанболат сөз бастап барлық конференция қатысушыларын құттықтап, сәлем жолдады. «Менің сүйікті қалам» слайды бойынша №8 орта мектептің оқушысы Серіков Жамбыл балалар маслихаты депутаттарының қолдауымен өткізіліп жатқан қозғалысымен, бірнеше іс-щараларымен таныстырды. Атап айтсақ «Киелі мұрамызға тағзым» қалалық сенбілік акциясы, балалардың құқықтарын қорғау күніне арналған декада аясында өткізілген «Балалар ХХІ ғасыр капиталы» дөңгелек үстелі, «Ауғанстан жанынымның дерті» атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші  және жыл сайынғы «Жаз-2012» орталығы іс-шараларын жүргізуге белсенді қатысып келетіндерін айтып таныстырды. 

Дата: 2.10.2012, 10:43 Автор: Школы и сады г. Балхаш