Қалалық "Жастар-Балқаш қаласының болашағы!" дебат турнирі

Қалалық

2012 жылдың 10 қыркүйегінде Оқушылар сарайында қалалық Балалар маслихатының ұйымдастыруымен Балқаш қаласының  75- жылдық мерейтойына арналған дебаттық турнирі болып өтті. Қалалық турнирді салтанатты түрде құттықтау сөзбен Балқаш қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы – Садвокасова Ольга Константиновна ашты.

 

Дебаттық турнирде  барлығы 8 топ қатысты: Қазақ лигасында  - 4 топ, Орыс лигасында – 4 топ. Дебатта «Бұл палата жастар - Балқаш қаласы дамуында маңызды рөл атқарады деп санайды» деген қарармен өздерінің пікірлерімен алмасып, жоғары дәрежеде ойын көрсете білді.

 Турнир қортындысы бойынша қазақ лигасында: 1 орынды – «Жұлдыз» тобы (№8 орта мектеп), 2 орынды –  «Өркен» тобы (№ 18 орта мектеп), 3 орынды – «Самрұқ» тобы (№24 орта мектеп) және қазақ лигасының үздік спикері болып № 8 орта мектеп оқушысы – Балташова Шырын танылды. Орыс лигасында: 1 орынды – «Смайл» тобы (№ 17 орта мектеп), 2 орынды – «Арғымақ»тобы (қалалық гимназия), 3 орынды –  «Жігер» тобы (№ 4 орта мектеп) және орыс лигасының үздік спикері № 17 орта мектеп оқушысы Керемтаева Жанат. Жеңімпаздарға қалалық білім, дене дынықтыру және спорт бөлімінің мақтау қағаздары тапсырылды.

Дата: 11.09.2012, 5:19 Автор: Школы и сады г. Балхаш