Балқаш қаласында «Денсаулық фестивалі-2012» атты республикалық акцияны өткізу туралы ақпарат.

Балқаш қаласында «Денсаулық фестивалі-2012» атты республикалық акцияны өткізу туралы ақпарат.

 

 

„МЕН, СЕН, ОЛ –БІЗ ДЕНІ САУ ЕЛМІЗ!» ұранымен «Денсаулық фестивалі - 2012» республикалық акциясын жоғары деңгейде өткізу мақсатында қалалық ұйымдастыру комитеті құрылып, негізгі іс-шаралар жоспары жасалды.        

Акция 8 қыркүйек күні қала мектептерінің, колледждер мен лицейлердің спорт алаңдарында, қаладағы барлық спорт жайларында жаппай салтанатты түрде басталып, баяндамалар, шақырулар, тілектер, мәдени шаралар–концерттік қойылымдар, қорытындылау, үздіктерді жүлде мен грамотамен  марапаттау, дыбыстандырумен өткізілді.

„Жекпе-жек“ қалалық спорт клубы“, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде ұлттық спорт түрлерінен /қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату/ жарыстар ұйымдастырылды.  

„Металлург“ стадионы, мектеп, орта кәсіптік, арнайы оқу орындарының спорт алаңдарында, жаңадан салынған көпсалалы хоккей корттарында оқушылар, студенттер, жұмыскерлердің ішкі жарыстары, шаралары: «Көңілді жарыстар», «Қызықты старттар», «Батыл, шапшаң, күшті» атты таза ауада қозғалмалы - ұлттық ойындар, волейбол, баскетбол, футбол, жаппай жүгіру, қолжалғау, арқан тарту, дартс, асық ату, аударыспақ, асфальтқа сурет салу конкурстары ұйымдастырылды.

„Фудмарт“, „Строймарт“ дүкендерінің, „Восток“ сауда сату орталыңғында, „Тәуелсіздік“ алаңында Қарағанды облыстық денсаулық сақтау Балқаш аймақтық өкілеттілігі бөлімінің ұйымдастыруымен „Медициналық қалашық“ тұрғындарды қабылдап, кеңес берді.  Сонымен қатар,         денсаулыққа керекті заттар, тағамдар сатылып, жәрмеңке және көрмелер ұйымдастырылды.

„МЕН, СЕН, ОЛ –БІЗ ДЕНІ САУ ЕЛМІЗ!» ұранымен өткен «Денсаулық фестивалі - 2012» акциясына барлығы  14391   балқаштықтар қатысты.  Фото суреттер қосымша беріледі. 

Дата: 11.09.2012, 4:07 Автор: Школы и сады г. Балхаш