Балқаш - таза қала акциясы шақырады

Балқаш - таза қала акциясы шақырады

 

Қаламыздың 75 жылдығына орай  қыркүйектің  6- жұлдызында  қалалық   ВЛКСМ    30 жыл саябағында «Жас Ұлан» ББЖҰ ұйымының мүшелерімен н «Балқаш -таза  қала» атты акциясы өтті.  Жас Ұландықтар Балқаштық балғындар мен жеткіншектерге туған қаламызды таза ұстауға және де оның тазалығына өзіндік үлес қосуға шақырды. Жас Ұландықтардың мақсаты қаланың тазалығын сақтап,әрі көркейтіп  гүлдендіру.

 

Жас  жасұландықтарды Балқаш қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Садвокасова Ольга Константиновна қала тазалығын сақтауға және көркейтуге  шақырды. 

Үндеу соңында әр мектептен келген оқушылар «Балқаш-таза қала» атты жазылған парақтар таратты. Бұл парақтар әр шағын мөлтек аудандардың тұрғындарына таратылып, әр Балқаштықты  қаламыздың тазалығын ұстауға шақырады. Акция кезінде 600-ден астам парақ таратылды. 

Дата: 10.09.2012, 4:07 Автор: Школы и сады г. Балхаш