« Қазақстан білім қоғамы жолында» ұлт басшысының интератктивті лекциясы

2012 жылдың 5 қыркүйегі сағат 10.30-да барлық мектепке дейінгі және білім беру мекемелерінде  Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан білім қоғамы жолына» атты интерактивті лекциясын тамашалау белсенді түрде ұйымдастырылды. 

Лекция барысында Президент Қазақстанның жаңа экономикалық курсын белгіледі. Мемлекет басшының пікірінше, жаңа кезең дамуының экономикалық саясаты еліміздің инвестициялық саясатына ауқымды түзету енгізбекші.

Президент баяндамасында еңбек адамын тәрбиелеу пікірін ерекше назарға алды.  « Егер Қазақстан үлкен корпорация тәрізді жұмыс істейтін болса, біз алға жылжимыз»- деді Н.Ә.Назарбаев.

 Ұлт басшысының « Қазақстан білім қоғамы жолында»  лекциясы әр тыңдаушыға үлкен әсер қалдырды, пікрталас тудыруға  ой салды.

Дата: 7.09.2012, 4:14 Автор: Школы и сады г. Балхаш