«Мектепке жол» акциясының өткізілу барысы туралы ақпарат

«Мектепке жол» акциясының өткізілу барысы туралы  ақпарат

 

«Жақсылық жасауға асығайық!» атты қайырымдылық марафонында қала әкімінің бастауымен 2012 жылғы 28 тамызда   әлеуметтік қорғалмаған отбасылардың 140 баласы мен мүмкіндігі шектеулі 40 бала «Синема» кинотеатрында тегін фильм көруге мүмкіндік алды. 

Қала әкімі  «Шапито» ресейлік цирк 18 тамыздағы  қойлымын көру үшін 60 балаға  шақыру билеттерін сыйлады.

Қала әкімі  Теміртау қаласындағы бірінші Президент атындағы мәдени орталыққа қыркүйек айында 15 жоғары сынып оқушысына экскурссия ұйымдастыру үшін   «Балқаш қаласының кәсіпкерлер мен өнеркәсіпкерлер Кеңесіне» хатпен шықты.

2012 жылғы 29 тамызда  әлеуметтік қорғалмаған отбасылардың 30 бірінші сыныпқа келген және 50  балқаштық бала үшін «Сәлем, мектеп!» атты  мереке өтті, онда бірінші сынып оқушыларына қала әкімі бағалы сыйлық (фотоаппараттар) сыйлады, ал мереке соңында «Балалар қалашығы» әкімшілігі ойын аттракциондарына шақырды, сонымен қатар онда  балалар қала әкімінің атынан  тәтті  сыйлықтар алды, ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен көңіл-көтеру шараларын көрді. 

Дата: 1.09.2012, 5:03 Автор: Школы и сады г. Балхаш