Қалалық тамыз секциялық отырысы

Қалалық тамыз секциялық отырысы

 

Жыл сайын тамыз айында қала ұстаздарының педагогикалық кеңеске жиналуы өте қажетті дәстүр.

«Білім беру жүйесін жаңғырту – адами капиталдың сапалы өсуінің басты бағыты» тақырыбында өткізілген отырыста 12 жылдық білім беруге көшуде инновациялық және ақпараттық технологияларды ұтымды қолдану, дарынды оқушылармен жұмысты жандандыру, жалпы білім беруді жаңашылдандырудағы бірқатар мәселелер қаралды.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев білім беру саласының алдына үлкен және маңызды міндеттер қойып отыр. Осы міндеттерді орындау үшін, қалада білім беру сапасын көтеруге байланысты нақты шараларды іске асыру қажет. Аталған іс-шараларды жүзеге асыруда Балқаш қаласының ұстаздары тамыз айының аяғында секциялық отырысқа жиналды. Отырыс барысында бастауыш сынып мұғалімдер, жаратылыстану-математика пәні, гуманитарлық пәндер, кітапханашылар, технология, дене тәрбиесі пән мұғалімдер, қоғамдық пәндер және әлеуметтік педагогтар мен психолог мамандар секцияларында өткен оқу жылындағы нәтижелер қаралып, жаңа оқу жылына мақсаттар қойылды. 

Дата: 24.08.2012, 10:59 Автор: Школы и сады г. Балхаш