Олимпиада жалғасуда

Олимпиада жалғасуда

 

18 тамызда № 4 орта мектебінің ауласында көпфункционалды корттың салтанатты ашылуы болып өтті. Қатысушылардың салтанатты шеруін Нұр Отан партиясы Балқаш филиалының орынбасары Секербекова Б. М., қалалық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің меңгерушісі Агдарбекова Г. Ж., № 4 орта мектеп директоры Сторожко И. Д. құттықтады. Шеруге қатысушылар кортқа тулармен шықты. Корт алаңында «Қазақстан», «Туған елім» сөздері желбіреді. Қатысушылар шеруін «Жаса, Қазақстан!» вокалдық-би композициясы жалғастырды. Мерекенің негізгі бөлігі футболистердің, әскери-патриоттық «Әскер» клубының және спортшы-каратистердің ойынына ұласты. Мереке сәтті өтті!

Дата: 21.08.2012, 11:48 Автор: Школы и сады г. Балхаш