Оқушыларға қуаныш сыйлаған -көпсалалы корт

Оқушыларға қуаныш сыйлаған -көпсалалы корт

18 тамыз күні С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының спорт алаңында көп салалы корттың ашылу салтанаты өтті. Хоккей кортын ашу құрметі қалалық мәслихаттың хатшысы Рахимберлина Қ.Т. берілді. Мектебіміздің ардагер ұстазы Утеуова Р.Ә. шашу шашып,  әншілеріміз бен бишілеріміз  алаңды ән мен жырға бөледі. Мектеп директоры Қойбағарова Р.Қ. олимпиада қырандарын дайындаудың бірден бір жолы осындай игілікті шаралар  екенін тілге тиек етіп, спортқа жастарды баулып, тәрбиелеудің пайдасы зор екенін атап өтті. Мектебіміздің футбол командасы  алғашқы ойынын бастап, корттың қызығына кенелді.

Дата: 21.08.2012, 11:41 Автор: Школы и сады г. Балхаш